Құрметті мектебіміздің дарынды оқушылары және ата-аналар! Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Осы оқу жылында педагогтарымыз бен білім алушыларымыздың бірлесіп тынбай еңбектенуі мен ата-аналарының қолдауы нәтижесінде оқушыларымыз ғылыми жобаларда, спортта, өнерде, шығармашылықта айтарлықтай жетістіктерге жетті. Республикалық кезеңде пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері-5, облыстық кезең жүлдегерлері-19, аудандық кезеңнің жүлдегерлері болу 130 оқушымызға бұйырды. Еліміздің, мектебіміздің өркендеуіне қосқан елеулі еңбектерің үшін алғысымызды білдіреміз. Біз сендерді мақтан етеміз!!!!
