«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында “Қазақстан халқына“ қорының көмегімен 28 мектеп-гимназиямызда ерекше қажеттіліктері бар әрбір балаға толыққанды білім беру үшін психология кабинеті, арнайы мамандар кабинеті керек оқу-құралдарымен жабдықталды. Мұндай кабинет балалардың психологиялық денсаулығын сақтау, әлеуметтік дағдыларын дамыту, жеке ерекшеліктеріне сай қолдау көрсету үшін қажет. Психологтар көмегімен балалардың өзін-өзі сезінуі, танымдық қабілеттерін дамыту, сенсорлық моторикасын, эмоциялық интеллектісі мен қарым-қатынас дағдылары артады.
Кабинетте ойын терапиясы, арт-терапия, және мануалды ойындар, тактильді тақталар арқылы балалардың психологиялық күйін, танымдық қабілеттерін жақсартуға арналған арнайы әдістер қолданылуда. Бұл құралдар балалардың өз сезімдерін дұрыс түсінуіне, танымдық қабілеттерін дамуына көмектеседі.
