Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№28 мектеп-гимназия" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"№28 мектеп-гимназия" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектебімізде Алматы облысының білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жабдықталған ауылдық жерлердегі тірек мектептердің білім беру әлеуетін арттыруда 2025 жылдың 14 наурыз күні №28 мектеп-гимназиясының озық іс-тәжірибесін тарату, ауыл мектептерінің дамуына серпін беру және сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолдарын талқылау, тірек мектебінің жұмысын жандандыру мақсатында «Ауыл мектебінің әлеуеті: №28 мектеп-гимназиясының табысты тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің басшылары, тірек мектептердің директорлары мен орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты. Қатысушылар ашық сабақтарға қатысып, мектеп-гимназиясының тынысымен танысу алаңында Артстудия, телестудия, робототехника және STEM лобараторияларының жұмысымен танысып, «Тәжірибе алмасу - кәсіби қажеттілікті шыңдау» практикалық алаңда жұмыс жүргізді.